Биыл 234 187 адам пневмония жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында жыл басынан бері елде 234 187 адам пневмониямен ауырғанын хабарлады.
– Осы жылдың 1-қаңтарынан 15-шілдесіне дейін Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3 есе көп, – деді министр.
Оның айтуынша бұл мәлімет пневмонияның барлық түрін сипаттайды.
– Олар – стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа да көптеген қоздырғыштар тудыратын бактериалды пневмония. Аталған түрлер бойынша 45 824 жағдай тіркелген, ол – жалпы ауырғандардың 19,6%-ы. Бұл – аденовирус, риновирус пневмониясы, сондай-ақ, параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туған пневмония. Ал бұл – қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмония. Яғни, пневмонияның қоздырғышы анықталмаған, ковидке ұқсас пневмония жұқтырғаны жоққа шығарылмаған, – деді.
1-қаңтардан 15-шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам көз жұмды. Ал өткен жылы осы аурудан 1 896 адам көз жұмған еді.