«Жасыл ел» жұмысын бастады

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы өңірде өзінің XVI маусымын бастады.
15 жыл бойы ел жастарын еңбекке, жауапкершілікке баулыған жобада осы жылы өңір бойынша 1000 сарбаз жұмысқа қамтылып, еліміздің көркеюіне үлес қосатын болады.
Бүгінде қала аумағында көгалдандыру және құрылыс бағыты бойынша 90 сарбаз, 6 ауылдық округтен 10 сарбаздан, толық 150 сарбаз өз жұмыстарын бастап кеткен.
Әр сарбаз көп реттік медициналық бетперде және қолғаптармен қамтамассыз етілді.