Атырауда биыл 25 адам суға кетті

Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кетті. Оның үшеуі — бала. Атырау облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі осындай хабар таратты.
Ал маусым айынан бері 14 адам Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендері мен Қамыскөл көліне батып кеткен. Құрбан болғандар судың арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, қауіпсіздік шараларының сақталмау себебінен қайтыс болған.