Карантин тамызға дейін созылады
Қазақстанда карантин 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
— Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуына қатысты жағдай күрделі. Денсаулық сақтау Министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз, — деді Асқар Мамин.
Ол барша қазақстандықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.