Бүгін – Тәуелсіздік тарихындағы тоғызыншы Аза тұту күні
Бүгін – Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбандарын еске алуға байланысты – Жалпыұлттық аза тұту күні.
Атырау уақытымен 11:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Еліміздегі жағдайға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім етіп, келесі күні тиісті өкімге қол қойды.
1991 жылғы тәуелсіздіктен бастап бұл – Қазақстанда жарияланып отырған тоғызыншы аза тұту күні.