Байқау пандемиямен күреске бағытталмақ

Облыста «BIRLES AYRAU» байқауы басталды. Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Әр адам пандемия зардаптарын жеңуге көмектесетін немесе халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік осал топтарды қолдауға көмектесетін идеяны ұсына алады. Идея креативті және әлеуметтік маңызы болуы керек, волонтерлік қызметті жүзеге асыруы тиіс. Байқау жеңімпазына 6 500 000 теңге көлемінде сыйақы қарастырылған. Шығармашылық идеялар байқауына өтінімдер 20-шілдеге дейін қабылданады, – дейді «BIRLES ATYRAU» байқауының ұйымдастырушысы Мерей Ануарбеков.
«BIRLES AYRAU» – бұл «Impact Hub Almaty-ның» «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырған ашық идеялар байқауы. Аталмыш жобаның мақсаты – Атырау облысының халқын карантин кезеңінде қолдау, сондай-ақ, пандемияның теріс салдарын жеңіп шығуға көмектесу.