Сағыз өзенінен екі адамның мәйіті шығарылды

Кеше Қызылқоға ауданы, Сағыз өзені бойында арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде екі адам суға батып кетті. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Орталыққа сағат 20:30 шамасында мұқырлық екі азаматтың суға кетіп қалғаны туралы хабарлама түсіп, сағат 00:30-да Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері, 1 техника және жергілікті тұрғындардың көмегімен 1985 жылғы ер азаматтың және 2005 жылғы жасөспірімнің мүрделері судан шығарылған.

Қайтыс болғандардың нағашылы-жиенді екені және Сағыз өзеніне отбасылық демалысты өткізуге барғаны анықталды.