Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы көбейді

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.

Мемлекеттен берілетін көмектің мөлшері бала санына байланысты болып, 4 және 7 баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін алып келді.

Алайда қолданыстағы ережелер жәрдемақы алушылардың белгілі бір санатына тиімсіз болып шықты. Себебі, осы күнге дейін 16 баласы бар отбасы 7 балалы отбасымен бірдей көлемде жердемақы алып жүр.

Мемлекет басшысы 13 мамырда 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Жаңа заңда жәрдемақы төмендегідей ретпен беріледі:

8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге,

9 балаға – 100 008 теңге,

10 балаға – 111 120 теңге,

11 балаға – 122 232 теңге,

12 балаға – 133 344 теңге,

13 балаға – 144 456 теңге,

14 балаға – 155 568 теңге,

15 балаға – 166 680 теңге,

16 балаға – 177 792 теңге.

Алдымыздағы 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар жаңа заң бойынша бекітілген жәрдемақыны ала бастайды.