Мешіт мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірді

Бүгін Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде 300 мұқтаж отбасына азық-түлік үлестірілді. Бұл туралы amin.kz хабарлады.
Республика бойынша бір сәтте барлық өңірде жалғасқан акция көзі тірісінде өмірін ізгі істерге арнаған Бибі-Жамал Аблазимованың рухына бағышталды.
– Анамыз шын мәнінде жақсылыққа жаны құмар жан еді. Арыс қаласындағы жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтаралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетті. Ел бойынша бес жаңа мешіттің тұрғызылуына ықпал етті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып жүрген түрлі шараларға қаржылай қолдау көрсетіп келді. Бүгінгі қайырымдылық акциясы жақсы адамның артында қалған аманаты десек те болады, – деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.