Облыстық сот журналистерге жағдай жасады
Пандемия басталысымен сот жүйесі шұғыл түрде форматын өзгертіп, қылмыстық істерді бейнеконференциялар арқылы қарауға көшкен еді. Осыған орай, облыстық соттың ғимаратында сонда атқарылып жатқан қызметтерді жедел хабарлап отыратын БАҚ өкілдеріне арналған орталық ашылды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.
Орталықта журналистердің жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай жасалған. Сол жерде сот отырыстары экран арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Пресс-орталықтың ашылуына қатысқан Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов журналистерді алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады.