Жас жігіттің денесі үш күннен кейін табылды

Бүгін таңғы сағат 07:15-те Атырау қаласы Геолог ықшамауданы маңындағы Жайық өзенінен 1993 жылы туған жігіттің мүрдесі судан шығарылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жігіттің денесін судан шығару үшін ТЖД Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Марқұмның осыдан 3 күн бұрын, яғни 13 маусымда достарымен демалып жүріп Жайықтың суға түсуге арналмаған тұсында шомылу кезінде батып кеткені туралы BATYS.INFO ұжымы жазған еді.