Атырауда коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды

Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 2 адам қайтыс болды.Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қайтыс болғандар – 55 және 57 жастағы ер адамдар. Алғашқы науқас провизорлық стационарға түскенге дейін 5 күн ауырған. Содан кейін ғана емханаға медициналық көмек алуға жүгініпті.
– Ауруханаға түскен кезде екі науқаста да интоксикациялық синдром болып, дем жетпеу байқалып, жағдайлары өте ауыр болған. Екі пациентке коронавирус инфекциясы, екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылған болатын, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Осыған дейін дәл бүгін облыста COVID-19 індетінен 48 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы жазған едік.