«Атырау» командасының ақшасын жеген кім?

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының шенеуніктері «Атырау» футбол клубына тиесілі 160 млн. теңге қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жергілікті «Caspian news» телеарнасы хабар таратты.

Осы іс бойынша мемлекеттік қызметкерлермен қоса «Атырау кәсіпқой спорт клубы» қоғамдық қоры өкілдері де тексеріліп жатыр.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық қызметкерлері мен «Атырау кәсіпқой спорт клубы» қоғамдық қоры өкілдері үстінен спортшыларды түрлі жарыстарға дайындауға бюджеттен бөлінген 160 млн. теңге қаражатты ұрлады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын жеткізді.