Әлем - Спорт - 09.10.2023

Зайнутдинов «Бешикташтың» жеңісіне көмектесті

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов «Бешикташ» командасының «Ыстамбұлспорды» жеңуіне көмектесті.

Sports.kz. сайты «Бешикташтың» түркиялық «Ыстамбұлспорды» 2:0 есебімен ұтқанын жазады. 6-минутта Винсент Абубакар гол соқса, 90-минутта Рачид Геззал екінші голды соқты.

Бұл жеңіс «Бешикташқа» 16 ұпай беріп, Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ, Ыстамбұл клубы Конференц-лиганың топтық кезеңіндегі матчта швейцариялық Луганоны жеңіп (2:3), жанкүйерлерінің алдындағы беделін қалпына келтірді. Бұл кездесуде «Бешикташ» 81-минутта 2:0 есебімен алға шыққанымен, соңында жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін команданың бас бапкері Шенол Гунеш қызметінен босатылды.

 

Фото Sport.kz сайтынан алынды.