ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі парақшасында ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтетіні туралы хабарлады. 

– 2020 жылғы 22 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады, – деп жазды Мәжіліс Төрағасы.