Жолбарыстар коронавирус жұқтырған

Бронкс зообағындағы 4 жасар жолбарыстан коронавирустың белгілері табылды. Оны Айова штатында орналасқан жануарларға арналған ұлттық лаборатория анықтаған.

Зообақ қызметкерлері аурудың адам арқылы жұққанын айтып отыр. Наурыз айының аяғында Надя (жолбарыстың аты) және басқа алты жолбарыста құрғақ жөтел басталған.

Жолбарыстардың тамаққа тәбеті азайғанмен, өздерін жақсы сезінуде. Мамандар вирус олардың ішінде қалай дамитынын дәл болжай алмай отыр. Инфекция әрқайсысына әртүрлі әсер ету мүмкін дейді. Дегенмен барлығы жіті бақылауда болмақ.