Полиция жас жұбайларды тұтқындады

Өткен жексенбі күні үйлену тойын өткізбекші болған жас жұбайлардың ойы іске аспай қалды.

Коронавируске байланысты адамдардың жиналуына тыйым салынғанына қарамастан, үйлену тойын өткізбек болған оңтүстікафрикалық ғашықтар күтпеген кедергіге тап болды. Сол күні Квазулу-Наталдық полицейлер той өтіп жатқан жерге жедел келіп, 50 шақты адамды тұтқындаған. Енді жергілікті биліктің тыйымын құлағына қыстырмағандар белгілі бір уақытқа дейін темір торда отырмақ.