БАӘ Қазақстанға көмек қолын созды

Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясы келіп жетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Қос ел арасындағы жылы достық қарым-қатынастың, сондай-ақ коронавируспен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің арқасында БАӘ-ден бортында жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын толық медициналық қорғаныс құралдары, жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бір реттік қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер және т.б. медициналық құралдар бар ұшақ келіп қонды.

Бұған дейін Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израиль секілді елдерден түрлі көмек жіберілген еді.