Жиырмасыншы науқас — 37 жасар атыраулық тұрғын

«Атырауда қауіпті дертті жұқтырған жиырмасыншы науқас тіркелді» деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жолдаған ақпаратқа сәйкес, ​ 1983 жылы туған науқас бұған дейін бірнеше адамға вирус таратқан әйел адаммен қарым-қатынас жасағандардың тізімінде болған.

Бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан Орал қаласы тұрғынының 37 адаммен жақын байланыста болғаны анықталған еді.​

Қазіргі таңда 37 жастағы атыраулық науқас толықтай оқшауланып, инфекциялық карантинге жатқызылды.​​