Атырауда тағы бір адам коронавирус жұқтырды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус бойынша (3 сәуірдің 09.40 уақытындағы) эпидемиологиялық жағдайды хабарлады. 

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелдi, Солтүстік Қазақстан облысында — 3 адам, Атырау облысында — 1 адам, Түркістан облысында — 3 адам, Ақтөбе облысында — 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында 91 адам, Қарағанды облысында 21 адам, Ақмола облысында 19 адам, Атырау облысы 20 адам, Жамбыл облысында 6 адам,
Шымкент қаласында 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында 3 адам, Алматы облысында 9 адам, Ақтөбе облысында 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 14 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам, Қызылорда облысында 26 адам, Батыс Қазақстан облысында 2 адам, Түркістан облысында 14 адам, жалпы 444 науқас тіркелді.