Жаңалықтар
Үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталар таратылуда
Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауына сай, өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде. Солардың бірі республикалық маңызы бар тасжолдарда малмен болатын жол апаттарының алдын алу. Талдау көрсеткендей, үй малдарының қатысуымен орын алған ЖКО-ның көпшілігі тәуліктің қараңғы уақытында бооған. Сол себепті, өңірде мал иелеріне жарық шағылыстырғыш…
Толығырақ »Былтыр қазақстандықтарға 366 миллиардтан астам жәрдемақы төленген
2020 жылы қазақстандықтарға мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындар 166 мың адамды көрсетіп…
Толығырақ »Теміржол билеттері қымбаттайды
Елімізде наурыздан бастап барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. – Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық…
Толығырақ »Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарға жаза қатаңдады
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың жазасы күшейтілді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеген. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер әзірленіп, Парламенттің қарауына енгізілді. Биылғы 11 қаңтардан бастап, бұл…
Толығырақ »Пара беремін деп түрмеге қамалды
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты пробация қызметінің иснпекторына қызыл балықты пара ретінде бермек болған азамат түрмеге қамалды. Бұл жөнінде Департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды. – Алаяқтығы үшін сотталған пробация қызметінің есебінде тұратын ер адам түнгі уақытта тексеру кезінде үйінде болмаған. Бұл құқықбұзушылық оның жеке ісіне тіркелетін болғандықтан, сотталған азамат…
Толығырақ »Энергия қауіпсіздігін күшейтуге арналған жиын өтті
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, іс-шараға Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Абай Шаңғытбаев, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, «КЕGОС» АҚ Батыс жүйеаралық тораптары Атырау облысы филиалының директоры Константин Чернохаев, «Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегенов және өзге де аталған саланың басшылары қатысты. – Апат айтып келмейтіні сөзсіз.…
Толығырақ »Көктемде 9 көпқабатты үй пайдалануға берілмек
Көктемде Береке ықшамауданынан 9 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 648 отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда. Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреев мәлімдеген. Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлер Атырау қаласы Береке ықшамауданынан. Жалпы алаңы – 47 530 шаршы метр. –…
Толығырақ »Атырауда 558 мас жүргізуші ұсталған
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде былтыр мас күйдегі 558 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында 11 әйел бар. – Мас күйде рульге отырған жүргізушінің бәрі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар 15–20 тәуліктік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу…
Толығырақ »COVID-19: +71; -66
Атырау облысында өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталған. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 46 жұмысшы, Жылыойдан – 3, Құрманғазы ауданынан 7 адам тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.…
Толығырақ »Индерлік оқушы тамшылатып суару қондырғысын жасап шығарды
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, тамшылатып суару қондырғысын жасаған өнертапқыш – Индер ауданының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қажымұқан Мұқанов. – Тамшылатып суару – суды, сондай-ақ, өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық тыңайтқыштарды тамырға тікелей әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс, – дейді өнертапқыш оқушы. Ол аудандағы оқушылар…
Толығырақ »









