Жаңалықтар
Онкологиялық ауруы бар 29 науқас КВИ-ден көз жұмды
Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 2 мыңнан астам қатерлі ісікке шалдыққан науқас коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Дәрігерлер қанша ескерткенімен, коронавирусты онкологиялық ауруы бар адамдар да жұқтырды. Қазақстан бойынша 2 549 науқас COVID-19-ды жұқтырған, олардың 29-ы қайтыс болды, – дейді дейді «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма…
Толығырақ »Сириядан қайтарылды
4 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен қазақстандық бір топ азаматты Сириядан елге қайтару операциясын өткізді. ҚР СІМ-нің мәліметінше, топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала (2-еуі – жетім) болды. – Ұлттық…
Толығырақ »Макс Боқаев бостандыққа шықты
Бүгін Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінен белсенді Макс Боқаев босап шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі Жанболат Мамай өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады. Колониядан шыққан Макс өзін қарсы алған белсенділермен бірге Исатай мен Махамбет алаңына барған. – Бес жыл бұрын дәл осы алаңға жерді қорғап 5 мыңға тарта адам митингке шығып еді. Бүгін сол алаңға…
Толығырақ »Каспийде қазақстандық балықшыларға шектеулер болмайды
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде мәлім болды. Айта кетейік, Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды. – Менің сұрағым Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен…
Толығырақ »Covid-19: 108 науқас емделіп шықты
Өткен тәулікте Атырауда коронавирус инфекциясынан 108 адам емделіп шықты. Бұл туралы облыстық дансаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі таңда 350 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 20 адам ем қабылдауда. Сондай-ақ, кеше өңірде 58 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз…
Толығырақ »БЗТ-ні алу бойынша 20 252 өтінім орындалды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қазақстандықтардың шоттарына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды. БЖЗҚ ақпаратына сәйкес, 1 және 2 ақпанда, яғни бірыңғай зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың алғашқы екі күнінде БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды. – Осылайша «Отбасы…
Толығырақ »Облыс әкімі Индер ауданының тұрғындарын онлайн қабылдады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданының тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды. Тұрғындардың көтерген сауалдары тұрғын үй мәселесі, каналдардың көзін ашу, аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу бағытында болды. – Біздің тұрып жатқан баспана 1950 жылы салынған, бүгінгі таңда апатты жағдайда, осыған байланысты…
Толығырақ »Атыраулық оқушы АҚШ-тағы беделді университеттің грантын жеңіп алды
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бақыт Өтеулиева АҚШ-тағы беделді университеттің грантын ұтып алды. Химия-биология бағытында білім беретін оқу ордасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушысы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан Корнелл университетін таңдаған. – Бұл – әлемдегі ең ірі әрі беделді университеттің бірі. Сегіз жекеменшік университеттен құралған әйгілі «Шырмауықтар лигасына»…
Толығырақ »Вакцина әсері 2 жылға дейін сақталады
«Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді. 1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіле бастады. – Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet…
Толығырақ »Ерекше бизнес-идеялы 87 азамат мемлекет грантын алды
Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты. – Жастар мен көпбалалы аналарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ерекше бизнес-идея үшін 87 азамат жалпы құны 48,3 млн. теңге болатын мемлекеттік грантты иеленді. «Бастау Бизнес» курстарынан өткен 150 азаматтың жобасы…
Толығырақ »









