Сириядан қайтарылды

4 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен қазақстандық бір топ азаматты Сириядан елге қайтару операциясын өткізді.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала (2-еуі – жетім) болды.

– Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі, – деді министрліктен.

Террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған және ол Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Жусан» операциясының жалғасы.