Макс Боқаев бостандыққа шықты

Бүгін Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінен белсенді Макс Боқаев босап шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі Жанболат Мамай өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
Колониядан шыққан Макс өзін қарсы алған белсенділермен бірге Исатай мен Махамбет алаңына барған.
– Бес жыл бұрын дәл осы алаңға жерді қорғап 5 мыңға тарта адам митингке шығып еді.
Бүгін сол алаңға Макс Боқаевпен бардық. Түрмеден шыға салысымен Макс алаңға барам деп еді, сөзінде тұрды, – деп жазды Жанболат Мамай.