Covid-19: 108 науқас емделіп шықты

Өткен тәулікте Атырауда коронавирус инфекциясынан 108 адам емделіп шықты. Бұл туралы облыстық дансаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда 350 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 20 адам ем қабылдауда.

Сондай-ақ, кеше өңірде 58 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 36 жұмысшы, Құрманғазы – 6, Жылыой,  Қызылқоға, Махамбет аудандарынан бір адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 13 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне бойынша Атырау облысы әлі де «сары аймақта».