Жаңалықтар
Атырау қаласының үздік полицейлері марапатталды
Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының қатысуымен Атырау қаласы полиция басқармасында жеке құрамы арасында горнизондық жиын өткізілді. Жиын барысында қызметте жоғарғы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізген патрульдік полиция ротасы мен патрульдік полиция батальонының үздік қызметкерлері Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары атынан арнайы алғысхатпен марапатталды. Сондай-ақ, Атырау облысы…
Толығырақ »Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында жарияланды. Еске салайық, Астанадағы мейрамханалардың бірінде боксшы Бейбіт Шүменов ер адаммен ерегісіп, ақырында оны соққыға жыққан. Бұл жайт бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Шүменовтың қолында баласы бар ер адамды аяусыз ұрып жатқаны кадрдан анық көрініп…
Толығырақ »Шәкәрімге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
Индер аудандық балалар кітапханасында ақын, ойшыл, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Даламдай дархан пір тұлғам!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне өлеңдері мен поэмаларымен қатар, М.Кенемолдиннің «Шәкәрім айтқан қазақ оқығандары», «Шәкәрімтану мәселелері» көптомдық сериялық жинақтары және «Иманым», «Үш анық», т.б. шығармалары қойылып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды.
Толығырақ »Ақтөбеде үш қыз суға батып кетті
Ақтөбе обоысының Әйтеке би ауданында 10, 12 және 16 жастағы үш қыз суға батып кетті. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Кеше сағат 16:45-те құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы Ырғыз өзеніне 3 жасөспірім қыздың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Олар тыйым…
Толығырақ »Украинадағы соғыста журналист жараланды
Украинаның Донецк облысында Deutsche Welle неміс басылымының операторы Евгений Шилко жарақаттанды. Журналистің сөзіне қарағанда, Краматорск ауданында украин әскери қызметкерлерінің жаттығуын түсіріп жүрген кезде түсірілім тобы атқылауға ұшыраған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Deutsche Welle мәліметінше, Ресей армиясы кассеталық оқ-дәрілермен соққы жасаған. Бір украин әскери қызметкері қаза болған, бірнеше жауынгер жарақаттанған.…
Толығырақ »«Натюрморт» жанрына арналған көрме өтті
21 шілде күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Натюрморт» жанрынан жинақталған картиналар көрмесі өтті. Музей қонақтарына натюрморт туралы мағлұмат беру,қылқалам шеберлерінің натюрморт туындыларының композициялық құрылымын, бояуларының сәйкестігі мен әсемдігін табу жолдарын түсіндіруді мақсат тұтқан шарада Өнер музейі қорындағы «натюрморт» жанрында жинақталған Ж.Дужнованың «Хризантемалар», С.Козловтың «Кітап пен гүлдер»,…
Толығырақ »Үш үйдің шатыры қалыпқа келтірілмек
Талғайраң-2 ауылындағы 3 үйдің шатыры жуық арада қалыпқа келтірілетін болды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі хабарлады. Өздеріңізге белгілі, 15 шілде күні Талғайраң-2 ауылында қатты желдің салдарынан 3 тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр энергиясына зақым келген еді. Аталған оқиға бойынша 16 шілде күні сол жерге қала әкімі аяқтай барды. Әкім мен…
Толығырақ »Жол қауіпсіздігі – жүргізушінің жауапкершілігінде
Атырау облысы аумағын қиып өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарда жыл басынан бері 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 33 адам қаза тауып, 57 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің басып озу ережесін бұзуы және жылдамдықты шамадан тыс асыруы болып отыр. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлады.…
Толығырақ »Атырауға сенатор келді
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысында болды. Сенатор сапар барысында Атырау облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесті және экология мен әлеуметтік жағдай, бюджеттік алымдар мен инфрақұрылым және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, сенатор Атырау облыстық төтенше жағдайлар, экология департаменттерінің, сондай-ақ экология, ауыл шаруашылығы басқармаларының және «Қазсушар» РМК басшысымен…
Толығырақ »«Тіліміздің дүбәрә болуына осындай сайқымазақтар кінәлі…»
«1 минутқа жетер-жетпес уақытта 20 орыс сөзін қосып үлгерді мына жігіт. Қай тілде сөйлеп тұрғанын, қай тілді дәріптеп жүргенін түсінудің өзі қиын тіпті. Қарап отырып «сен не шисто орысша сөйле, шисто қазақша сөйле» дегің келеді екен.))» Бұл – Mukhtar Tumenbay атты Facebook қолданушысының жазбасы. Ол әлеуметтік желіге танымал әзілқой Тұрсынбек…
Толығырақ »









