Атырау қаласының үздік полицейлері марапатталды

Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының қатысуымен Атырау қаласы полиция басқармасында жеке құрамы арасында горнизондық жиын өткізілді.

Жиын барысында қызметте жоғарғы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізген патрульдік полиция ротасы мен патрульдік полиция батальонының үздік қызметкерлері Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары атынан арнайы алғысхатпен марапатталды.

Сондай-ақ, Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев атыраулық полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп пен елдің тыныштығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген үлестері үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.