Үш үйдің шатыры қалыпқа келтірілмек

Талғайраң-2 ауылындағы 3 үйдің шатыры жуық арада қалыпқа келтірілетін болды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі хабарлады.

Өздеріңізге белгілі, 15 шілде күні Талғайраң-2 ауылында қатты желдің салдарынан 3 тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр энергиясына зақым келген еді. Аталған оқиға бойынша 16 шілде күні сол жерге қала әкімі аяқтай барды. Әкім мен тұрғындардың кездесуі нәтижесінде, жауапты мекемелерден комиссия тобы құрылған еді. Мердігер мекеменің кепілдік уақыты аяқталуына байланысты демеушілік көмегімен тұрғын үйлерді қалыпқа келтіретіні жөнінде тұрғындарға уәде берген болатын.

Араға апта салып, қала әкімі кеше, 22 шілде күні Талғайраң-2 ауылына қайта барып, тұрғынүйлердің жай-күйін тексерді.

Демеушілердің көмегімен жақын уақытта тұрғынүйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.