Аймақ - Әлеумет - 23.07.2023

Қалалық мәслихат төрағасы Лесхоз халқымен кездесті

Кеше Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Нұрбол Құрманның төрағалығымен Лесхоз шағын ауданындағы көлікжайлардың өзекті мәселесі бойынша тұрғындардың және қоғам белсенділерінің қатысуымен кездесу өтті.

Қала әкімдігінің және құқыққорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде мәселенің шешім табу жолдары талқыланды.

Қала азаматтарымен кездесудің қорытындысында тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданып, заң аясында оның орындалысын екі апта мерзімнен кейін қайта қарауды мақұлдады.