Шәкәрімге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды

Индер аудандық балалар кітапханасында ақын, ойшыл, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Даламдай дархан пір тұлғам!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне өлеңдері мен поэмаларымен қатар, М.Кенемолдиннің «Шәкәрім айтқан қазақ оқығандары»,  «Шәкәрімтану мәселелері» көптомдық сериялық жинақтары және «Иманым», «Үш анық», т.б. шығармалары қойылып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды.