Жаңалықтар
Атырау қаласындағы су құбырларында 67 бұранда мен ысырма ауыстырылды
Бұл туралы «Атырау Су Арнасы» КМК директорының өндіріс бойынша орынбасары Ғасыржан Лекеров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ғ.Лекеровтің айтуынша, бұл іс-шаралар сумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлардың санын және техникалық су ысыраптарының көлемін азайту мақсатында жүргізілуде. Сондай-ақ, өңдеу жұмыстары жүріп жатқан мөлтек аудандарды атап өтті. — Су құбыры желілеріне…
Толығырақ »Бөдене және Өрлік ауылдарындағы кірме жолдарды жарықтандыру қараша айында аяқталады
Бөдене және Өрлік ауылдарындағы кірме жолдарды жарықтандыру қараша айында аяқталады. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, дейді «Батыс-Инфо» — Өрлік ауылындағы кірме жол бойына жарық шамдарының құрылысы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланғанда «АтырауЭкспертПроект» ЖШС 23 млн. 136 мың теңгеге жеңімпаз ретінде анықталып, компания қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын…
Толығырақ »Атыраулық арулар Азия ойындарына қатысады
Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды. Тізімде атыраулық 2 спортшы бар. Олар — 48 келі салмақ дәрежесіндегі Әбиба Әбужақынова мен 63 келідегі Эсмигул Куюлова. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау оңайға түспеген. Себебі, қазіргі таңда барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары.…
Толығырақ »Атырау облысында салықтар бойынша түсім 22%-ға артқан
Атырау облысында салықтар бойынша түсім көлемі артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып, «Батыс-Инфо» хабарлайды. Жергілікті салыққа түскен түсім былтырмен салыстырғанда 74 млн. теңгеге көбейген. Оның ішінде, көлік салығы 14 млн, мүлік салығы 59 млн. теңгеге артық түсті. Сонымен бірге, жыл басында салық бойынша берешек көлемі 400 млн.…
Толығырақ »Исатай ауданындағы үш мектепті жөндеуге 85 млн. теңге жұмсалды
Исатай ауданындағы үш мектеп жөндеуден өткізілді. Білім ордаларын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 85 млн. теңге бөлінген, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ақпараттық порталы. Атап айтсақ, Новобогат орта мектебіне 46 млн, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектепке 35 млн, Жаңа Жанбай бастауыш мектебіне 4 млн. теңге жұмсалған. Білім ордаларында асхана, кітапхананы заман талабына сай жаңғырту…
Толығырақ »Екі баласын 2 млн. теңгеге сатқан жетісулық әйел ұсталды
«23 жастағы Панфилов ауданының тұрғыны жаңа туған нәрестесін бір перзентке зар болып отырған өзге отбасына 1 млн. теңгеге сатқан» деп хабарлайды» Батыс-Инфо» Бұл келіншектің былтыр да бір жастағы ұлын өзге бір отбасыға 1 млн. теңгеге сатқаны анықталды. Қылмыстық істе арада делдал жүрген. Бала алушы ретінде 4 азамат күдікті болып отыр.…
Толығырақ »Атырауға жаз айларында 25 мыңнан астам турист келген.
eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығындағылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Ал, екінші орында Астана…
Толығырақ »Мектеп есепшілері 610 млн. теңге жымқырған
Алматы облысында білім саласындағы жемқорлық әшкереленді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Мектеп есепшілері 13 адамның атынан жалған құжаттар әзірлеп, ай сайын бюджеттен заңсыз қаржы жымқырып отырған. Сөйтіп, 610 миллион теңгені қолды қылыпты. Есепшілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, іс сотқа жолданды. Бұл жөнінде аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлімдеді.…
Толығырақ »Шоқпартоғайда мәдениет үйі ашылды
Жылыой ауданының 95 жылдығына орай Шоқпартоғай ауылында мәдениет үйі ашылды. Ғимараттың кірпіші былтыр шілде айында қаланып басталған еді. 200 адамға арналған мәдениет үйінің құрылысына 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, жұмсалды. Жалпы көлемі 750 шаршы метр болатын нысанда кітапхана, асхана және үйірмеге арналған бөлмелер бар.
Толығырақ »“Қазақстан халқына” қоры Атырауға 2 млрд. теңге қаражат бөлген
«Қазақстан халқына» қоры Атырау облысына 2,1 млрд. теңге қаражат бөлген. Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірі хабарлады. 1 жылдан астам уақыт ішінде қордан бөлінген 1,4 млрд. теңгеге 8 атыраулыққа дәрі сатып алынса, 2 тұрғынға Оңтүстік Корея мен Үндістанда емделу үшін 74,7 млн. теңге берілген. Шалғайдағы халық та назардан тыс қалмады. Құрманғазы…
Толығырақ »