Жаңалықтар
«Tamasha TV» эфирден кетеді
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі хабарлады. Әлемдік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізуде. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының…
Толығырақ »Атырау зиялыларының үндеуі
Атыраулық зиялылар облыс тұрғындарына үндеу жолдады. Олардың қатарында ҚР Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жаңабайұлы, жергілікті кәсіпкер Мұрат Сарманов, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Махсат Алпысбай бар, — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Жазушы, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Төлеген Жаңабайұлы халық қауіпті індетпен күресте жан аямай еңбек етіп жатқан азаматтарға…
Толығырақ »Емханалардың жұмыс жүйесі нақтыланды
Елдегі індетке байланысты аймақта емханалардың онлайн режимдегі жұмысы жалғасуда, — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта емханалар жұмыс күндері 8:30–18:00 аралығында, сенбі күндері сағат 15:00-ге дейін тұрғындарға онлайн режимде кеңес береді. — Шұғыл жағдай орын алғанда ғана учаскелік дәрігерге хабарласу арқылы анализ тапсыруға жолдама алуға болады. Анализдер сағат…
Толығырақ »Атырауда медицина қызметкерлеріне мұқтаждық бар
Атырау облысында COVID-19 індетімен күреске 2 мыңнан аса медицина қызметкері жұмылдырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Бүгінде облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін табуда. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды. Өткен демалыс күндері Атырау облысына Батыс Қазақстан медицина университетінің…
Толығырақ »Карантиннің қандай жағдайда жеңілдейтіні белгілі болды
Атырау облысындағы карантиндік шаралардың қандай жағдайда жеңілдетілетіні айтылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Тұрғындар санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қарастырылады. — Қазіргі уақытта аймақтағы эпидемиологиялық жағдай шектеу шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен зертханалық зерттеулер көлемін арттырудың нәтижесінде тұрақтануда. Жалпы…
Толығырақ »Медициналық мекемелерге кислородтық жүйе жүргізіледі
Атырау облысында медициналық мекемелерге кислородтық жүйе тартылуда. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. — Бүгінде барлық стационарларға оттегі концентраторлары қойылуда. Бұл арқылы кислородтық баллондар саны азаятын болады. Осының аясында жаңа ғимратақа кислородтық жүйені тартып жатырмыз. Аталған жұмыстар тамыз айының басында бітуі керек, — деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының…
Толығырақ »Әлеуметтік орталықтар қауіпті дерттен аман
Атырау облысындағы әлеуметтік орталықтарда қауіпті дерт тіркелмеген. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Атырау облысында қарттарға, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға және жүйке ауруымен ауыратын ересектерге арналған 3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. — Ересектерге арналған орталық Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында орналасқан. Ал қарттар үйі мен мүгедек балаларға арналған орталық –…
Толығырақ »Атырауда 103-ке хабарласу азайды
Атырауда 103 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалушылар саны екі есеге азайған. Бұл туралы хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Облыс тұрғындары коронавирустың жеңіл түріне және вирустық инфекцияларға шалдыққан науқастармен қатар онлайн режимде дәрігерлер кеңесін ала алады. Облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта 103…
Толығырақ »Сотталғандар да көмек көрсетіп жүр
Атырауда сотталғандар дәрігерлер мен науқастарға көмек көрсетіп жүр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Пандемиямен күрес кезінде Атырау облысының тұрғындары қолдан келген көмектерін аяп жатқан жоқ. Солардың ішінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар да бар. Олар науқастар мен дәрігерлерге көмектесіп жүр. Жылыой ауданының тұрғыны А.С.…
Толығырақ »Атырауға мәжіліс депутаты келді
Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамыраев қоғамдық бақылау аясында Атырау облысының бірқатар медициналық мекемелерінде барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Бейбіт Мамыраев тұрғындармен әңгімелесіп, дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, дәріханалардағы баға, сондай-ақ әлеуметтік салауаттылық пен білім және экология мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесуде халық дәріханалардағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдайдың жақсарғанын…
Толығырақ »









