Жаңалықтар
Алкоголь мен темекі құжатсыз сатылмайды
Қазақстанда алкоголь және темекі сату ережелері өзгерді: енді сатушылар тұрғындардан, тіпті, зейнеткерлерден құжат сұрауға міндетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған…
Толығырақ »Карантин ұзартылып, бетперде тағу міндеттелді
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, өңірдегі карантин режимі 17-тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева мәлімдеді. — Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа Қаулысына сәйкес, СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық – сауықтыру орталықтары, бассейн,…
Толығырақ »Заңсыз сауда айналымынан 9 тоннадан астам балық тәркіленді
Атырау облысының полицейлері жыл басынан бері балық қорына заңсыз қол сұққандарға қатысты 57 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер биылғы 6 айда балық қорын қорғауға қатысты құқық бұзушылықты төмендетуге қол жеткізген. — Мұндай нәтижеге браконьерлік үшін жауапкершіліктің қатаңдатылуы оң ықпалын тигізді. Сонымен…
Толығырақ »Құжат қабылдау 20-тамызға дейін ұзарды
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20-тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Білім жіне ғылым министрлігі хабарлады. — Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20-тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды.…
Толығырақ »Облыстық аурухана күрделі отаға дайын
Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеу шараларына дайындалып, таза аймақ жасақтауда. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. — Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз, — дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.…
Толығырақ »Арманға айналған 42 500
Қазақстандықтарға тамыз айында 42 500 теңгенің жартысы төленеді. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн баспасөз маслихатында мәлімдеді. — Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға ұзартылған карантин кезінде төлем міндетті түрде болады. Бірақ азаматтарға сол соманың жартысы, яғни 42 500 теңге болса, соның 21 250 теңгесі төленеді. Осы соманы…
Толығырақ »Жарнама арқылы заңсыз ақша тапқан
Атырау облысында 3 компания жеке және заңды тұлғалардың ақшасын заңсыз тартқан. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысының прокуратурасы үлестік тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізген. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу 3 тәсілмен (кепілдік беру…
Толығырақ »Дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры ашылды
Атырау облысында дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры ашылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 4 миллион 800 мың теңгеге сатып алған. Бұл мақсатқа 500 миллион теңге бөлінген. Соңғы екі аптада 100 тонна дәрілік препарат әкелінген. Облыс әкімдігінің қолдауымен препараттарды аудандарға жедел жеткізу мәселесі…
Толығырақ »Атырауға шетелдік 35 отбасы көшіп келді
Биыл Атырау облысына шет мемлекеттерден 35 отбасы, 47 адам көшіп келді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Мұнайлы астанаға қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан, нақтырақ айтқанда, 25 отбасы, 35 адам келген. Ал Қытайдан келген 8 отбасы, 10 адам және Украинадан келген 2 отбасы, 2 адам біздің…
Толығырақ »Коронавирус: 150 мыңнан аса сынама алынған
Наурыз айынан бастап Атырау облысында COVID-19 бойынша 150 000-нан астам ПТР зерттеу жүргізілді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Қазіргі кезде Атырау облысында ПТР зерттеу жүргізумен 8 зертхана айналысып жатыр. Олар – Ұлттық сараптама орталығы (Атырау қаласы), Ұлттық сараптама орталығы (Теңіз қалашығы), «Олимп» зертханасы, «Проспект Медикал» (Атырау қаласы), «Проспект…
Толығырақ »









