Жаңалықтар
LED экраннан атмосфералық ауа жағдайын көре аламыз
Тамыз айынан бастап облыс орталығындағы LED экрандарда «Қазгидромет» РМК бақылау желісінен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат таратыла бастады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ – Қазірдің өзінде ауа сапасының жай-күйі туралы деректерді Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған, Көкшетау және Алматы қалаларының LED экрандарынан көруге болады.…
Толығырақ »17-тамыздан кейін жұмысын бастайтын нысандар
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, шектеу шараларын жеңілдету жөніндегі ұсыныстар, өңірлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті қайта бастауға дайындығы туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі…
Толығырақ »Қазан айынан бастап тұмауға қарсы екпе салынады
Атырау облысында тұмауға қарсы екпенің 60 мыңға жуық дозасы бар. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, күн суытқан кезде короновирус инфекциясы вирустық аурулармен бірге өршуі мүмкін. Сол себептен, созылмалы ауруы бар азаматтар профилактика ретінде салынатын тұмауға қарсы екпені алғаны жөн. – Тұмауға қарсы екпе негізінен…
Толығырақ »Ауылдарға асфальт төселіп, газ жүргізілуде
Махамбет ауданы ауылдарына ауылішілік жолдар салынып, олардың құрылысына «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында ауыл азаматтары тартылуда. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Талдыкөл ауылында қазір мыңның үстінде тұрғын тұрады. Халық санының артуы себепті ауылда жаңадан көшелер бой көтеруде. Жаңадан инфрақұрылымдар жүргізіліп, газ…
Толығырақ »Құтқарушылар жаттығу өткізді
Жақын күндері Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы «Қазавиақұтқару» АҚ ЗРФ-тың отряды мен ұшу құрамы үшін бірлескен оқу-жаттығуын өткізіді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Жаттығулар MI-8 MTV ұшақтарында өткізілген. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 5 адамы және МИ-8 МТВ ұшағы экипажының 3 адамы қатысты. Жаттығу барысында…
Толығырақ »Карантин режимін сақтамау азаймай тұр
Жергілікті полицейлер 5-шілдеден бері Атырау облысы аумағында шектеу шараларының 1 596 рет бұзылғанын анықтады. Карантин режимі талаптары мен шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында 11-шілдеден бастап өңірде құрамында әкімдік, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасының өкілдері, сондай-ақ, полиция қызметкерлері бар мобильді топтар құрылып, жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Облыс орталығы…
Толығырақ »Мұқтаж оқушыларға компьютер мен роутерлер беріледі
Биылғы оқу жылында облыстың 196 мектебінде 131 900 оқушы білім алады. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхаметов брифингте мәлімдеді. Пандемия жағдайына байланысты 2020-2021 оқу жылын оқушылар қашықтықтан оқиды. Бірақ ата-аналар өтінішіне орай, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Облыстағы 16 693 оқушыға компьютер қажет деген облыс басшысы бұл мәселені шешу…
Толығырақ »Облыс бойынша 1 446 кезекші сынып ашылады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, биыл 170 мектепте 1 446 кезекші сынып ашылып, оларға 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сыныпішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады. — Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды. Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр. Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен…
Толығырақ »Салық департаментінде – жаңа басшы
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Серік Айсин тағайындалды. Ол 1972 жылы Целиноградта дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-менеджер-экономист», 1999 жылы Академиялық құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы салық органдарында бастаған. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде, одан кейін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің…
Толығырақ »Атырауда эпидемиологиялық ахуал жақсарды
Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26%-ға, провизорлық орын саны 32%-ға қысқарды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. – 12 тамыздағы ахуал бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10 638 науқас тіркелген. Оның ішінде 7 869 адам емделіп шықты. Бұл қатерлі вирустан жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайыз болды деген…
Толығырақ »









