Құтқарушылар жаттығу өткізді

Жақын күндері Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы «Қазавиақұтқару» АҚ ЗРФ-тың отряды мен ұшу құрамы үшін бірлескен оқу-жаттығуын өткізіді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Жаттығулар MI-8 MTV ұшақтарында өткізілген. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 5 адамы және МИ-8 МТВ ұшағы экипажының 3 адамы қатысты. Жаттығу барысында әуе кемесінің құрылымы, әуе кемесіндегі қауіпсіздік ережелері және тікұшақты жерден басқаруға арналған дәстүрлі сигналдармен танысу мақсатында теориялық сабақтар өткізілді. Әуе кемесінен түсуге арналған практикалық жаттығулар Махамбет ауданының аумағында өткізіліп, штаттық режимде ешқандай оқиғаларсыз өтті.