LED экраннан атмосфералық ауа жағдайын көре аламыз

Тамыз айынан бастап облыс орталығындағы LED экрандарда «Қазгидромет» РМК бақылау желісінен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат таратыла бастады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазірдің өзінде ауа сапасының жай-күйі туралы деректерді Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған, Көкшетау және Алматы қалаларының LED экрандарынан көруге болады. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады және ауа жай-күйінің негізгі көрсеткіштері: Қазақстанның 45 елді мекені бойынша РМ 10, PM 2,5 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутегі бойынша деректерді қамтиды. Сондай-ақ, Нұр-Cұлтан, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Көкшетау және Өскемен қалаларының LED экрандарында атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты іске қосу жоспарлануда, – делінген хабарламада.