Жаңалықтар
Білім алудың дәстүрлі тәсіліне қайта көшу тәртібі әзірленеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күні-түні WhatsApp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі…
Толығырақ »Ауыл әкімдерін халық сайлауы мүмкін
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Жалпы, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс. Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды, – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлесекен отырысында. Осы орайда президент ауыл әкімдерін…
Толығырақ »«Аңсаған сәби» бағдарламасын бастау тапсырылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. – Отбасы – демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке орай Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан…
Толығырақ »Пандемия кем дегенде 2 жылға созылу мүмкін
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында айтып, оған дайын болуға шақырды. – Біз азаматтарымыздан ештеңені жасырған жоқпыз. Індеттен қайтыс болғандардың көрсеткіштері туралы ақпаратты ашық жариялап, ащы да болса шындықты айттық. Босаңсуға әлі ерте. ДДСҰ болжамдары бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет, – деді Президент.
Толығырақ »Жаңа экономикалық бағыттың басты 7 қағидаты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады. Бұл туралы бақ.кз хабарлады. Президент қазіргі жағдайдағы экономикалық дамуы жайлы айта келе, ұзақмерзімді мұнайлы кезең аяқталғанын жеткізді. – Енді әлемдік нарықтың жаңа конъюнктурасына дайын болуымыз керек. Диверсификацияланған технологиялық экономиканы құру біз үшін жай қажеттілік емес, басқа…
Толығырақ »200-ге жуық отбасы пәтерлі болды
Атырауда 200-ге жуық отбасы жаңа қонысқа көшті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, апатты жағдайдағы Достық-1, Геолог ықшамауданындағы №65 және 66-жатақханалардың, Бірлік ықшамауданында орналасқан АТП-3 мекенжайының тұрғындары жаңа пәтерге ие болды. Осылайша 200-ге жуық отбасы «Береке» ықшамауданында бой көтерген жаңа тұрғын үйге қоныс…
Толығырақ »Жер шетелдіктерге сатылмайды
Бұл туралы мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында мәлімдеді. – 2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет, – деді…
Толығырақ »Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылу мүмкін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды ұсынды. – ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын, – деді Президент.
Толығырақ »Дүкендердегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған
Белгісіз біреу Атырау қаласында дүкендерде тұрған қайырымдылыққа арналған 2 жәшікті қолды қылды. Біріншісін Дружба көшесіндегі дүкеннен ұрласа, екінші жәшікті екі күннен кейін Датов көшесі бойында орналасқан дүкеннен алып кетіпті. Қылмыстық оқиғаның екеуі де бейнекамераға жазылып қалған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде Геолог ықшамауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір Қылмыстық…
Толығырақ »22 тонна жүк жол бойында жанып кетті
Атырау облысында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан шетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүк жанып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған. – 31 тамызда жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында Астрахан – Атырау жолының бойында шетелдік «MAN» көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі Түркия…
Толығырақ »









