Жаңалықтар
Бетперде тақпағандардан 1,5 млн өндірілді
Отандық әуе тасымалдаушылар ұшақта маска тағудан бас тартқан жолаушыларға 1 416 780 теңге айыппұл салынғаны туралы айтты. Air Astana әуе компаниясы таратқан ақпаратта, жолаушылардан бүкіл рейс бойы масканы тағып, оны тек тамақтанған кезде шешуге міндетті екені ескертілген. Бұл көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген. Маска тағу тәртібін және басқа…
Толығырақ »Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ауысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұл қызметке Мағжан Ілиясов тағайындалды. Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ал Мағжан Ілиясовтың орнына Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд…
Толығырақ »Әскерге шақыртылған 300 мың азаматтың 260 мыңы жарамсыз
Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұржан Нұрсипатов әскери-патриоттық тәрбие жұмысын күшейту керектігін және қанша болашақ сарбаздың денсаулығы Отан алдындағы борышын өтеуге жарамды екенін айтты. Бұл туралы БАҚ.КЗ хабарлады. Оның айтуынша, мемлекеттің әскери-патриоттық тәрбиеде заман сұранысына сай өз көзқарасы мен өз педагогикалық, сондай-ақ, болашақ сарбаз тәрбиелеудегі методикалық төл тәсілдері қалыптасуы керек. –…
Толығырақ »Қарттарға қаржылай көмек көрсетілмек
Биыл зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметінше, елімізде 2 миллионнан аса зейнеткер тұрады. Әр азаматтың лайық қарттық шағын қамтамасыз етуге қамқорлық жасау – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты…
Толығырақ »Түркияда қазақстандық бала қаза тапты
Түркияның Алания қаласында 9 жасар қазақстандық апаттан қайтыс болды. Бұл туралы түріктердің жергілікті Alanya басылымы хабарлады. Газеттің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында D-400 тасжолында болған. Жолдан өтіп бара жатқан баланы қаққан көліктің соққысы оны бірнеше метрге ұшырып түсірген. Ал көліктің өзі жанар-жағармай құю бекетіне барып…
Толығырақ »Оқушыларға арналған мәдени-білім беру жобасы іске қосылады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылғы қазан айынан бастап мектеп оқушыларының адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына бағытталған «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосады. Ведомство мәліметінше, бағдарлама ұзақтығы 10–15 минуттан тұратын 1–11 сынып оқушылары үшін бейне-дәрістер түрінде әзірленді. Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды түрде саяхаттай алады. Сондай-ақ,…
Толығырақ »Облыста 667 үкіметтік емес ұйым тіркелген
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Аймақтағы өзекті мәселелерді анықтау, талқылау, шешу жолдарын қарастыруға арналған шараға 50-ге жуық үкіметтік емес ұйым өкілдері мен облыстық әкімдік басқарма басшылары қатысты. Фасилитация форматында өткен шара үш сессиядан құралды. Топ-топқа бөлінген қатысушылар облыстың дамуына…
Толығырақ »Зираттарды сындырған азамат ұсталды
Атырау полицейлері зираттарды бүлдірген аудан тұрғынын ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қыркүйек түскі уақытта белгісіз біреу Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылына қарасты Қоғам елді мекенінде орналасқан «Мәтен қожа» түнегін, үйін, сарайын өртеп, жанындағы 13 адамның мәйітін, құлыптастарын сындырып, бүлдірген. Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел…
Толығырақ »Қаржылық қызметтерді қашықтан аламыз
Қазақстан Ұлттық банкі биылғы 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді қашықтан алу үшін биометриялық сәйкестендіру сервисін пайдаланады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұл сервис бет-әлпетті тану технологиясы арқылы қаржылық қызметті қашықтан алу мүмкіндігін көздейді. Яғни қаржы ұйымына барудың қажеті жоқ. Клиенттерге банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты…
Толығырақ »Аймаққа жаңа блок-бекеттер қойылмады
Облыс аумағына жаңадан ешқандай блок-бекеттер қойылмаған. Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтың Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блок-бекет наурыз айынан бері тұр. Олар аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған. Облыс аумағында бұдан басқа блок-бекеттер жоқ. Бүгінгі Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, облыстардың бас…
Толығырақ »









