Жаңалықтар
Жарамсыз планшеттер ауыстырылады
Атырау облысында оқушыларға берілген планшеттерден ақау табылды. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қоғамдық бақылауы Атырау қаласы мен аудандарға бөлінген планшеттердің техникалық сапасы мен таратылуына мониторинг жүргізді. Мониторинг кезінде жаңа планшеттердің кейбірі жарамсыз болып шыққан. Атап айтқанда, мектептерге таратылған…
Толығырақ »Стационарларда 59 науқас жатыр
Атырау облысында коронавирустан 59 адам емделіп жатыр,. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Қазіргі уақытта №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында Сovid-19 жұқпасымен 26 науқас ем алуда. Үш пациент аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олар 40 пен 65 жас аралығындағылар. ⠀ Ал Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық…
Толығырақ »Дәрі ішіп уланған жасөспірім құтқарылды
Атыраулық дәрігерлер қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішіп, уланып қалған 12 жасар қызды аман алып қалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Дәріден уланған қыз баланың жағдайы нашарлаған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары…
Толығырақ »Қамыс бесінші тәулік өртенуде
Атырау облысында бес тәуліктен бері қамыс өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта өртену ошақтарын жою бойынша күшейтілген шаралар жүргізілуде. Түтінге қарамастан, елді мекендерге қауіп жоқ. – 15 қазанда таңертеңнен бері өртті жоюға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-171 тікұшағы жұмылдырылды. Екі күн ішінде тікұшақ 66 тонна көлемінде…
Толығырақ »Өңірде тағы 10 адамнан инфекция анықталды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Бес науқаста індет симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан. Бүгінге дейін өңірде осы…
Толығырақ »Биыл өндірісте 8 адам қаза тапқан
Соңғы 9 айда өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапқан. Бұл туралы брифингте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров мәлімдеді. Жыл басынан бері барлығы 18 жазатайым оқиға болып, 13 адам ауыр жарақат алды. Бас еңбек инспекторының мәліметі бойынша, жалақы, еңбек шарттары, заңсыз жұмыстан босату сияқты…
Толығырақ »241 қызметкердің жалақысын кешіктірген
«Атырау Жолдары» 241 қызметкердің 20 млн. 485 мың жалақысын кешіктіріп төлеген. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына Исатай аудандық прокуратурасынан «Атырау Жолдары» ЖШС-не қатысты заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс түскен. «Атырау Жолдары» ЖШС-нің еңбек заңнамасының талаптарын сақтамай, 241 қызметкерге биылғы шілде және тамыз айлары үшін есептелген 20 485 000 теңге…
Толығырақ »196 мың адам жұмыспен қамтылды
Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,6 мыңнан астам жобаны іске асыру басталып, оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 196 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлады. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:…
Толығырақ »Облыста карантиндік шаралар не себепті күшейді?
12 қазан сағат 00:00-ден бастап Атырау облысы аумағында карантиндік шаралар күшейтілді. Өңірде карантиндік шаралардың күшейтілуіне соңғы аптада аурушаңдықтың екі есе жоғарылауы себеп болып отыр. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың айтуынша, карантиндік шаралар облыс аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін жалғасады. – Өкінішке қарай соңғы 14 күнде коронавирус жұқтырғандар…
Толығырақ »Бірнеше мектепте санитарлық талаптар сақталмаған
Атырау облысындағы кейбір мектепте санитарлық талаптар сақталмаған. Бұл туралы облыс әкімдігінде COVID-19 инфекциясының келесі кезеңінің алдын алу, қазіргі санитарлық ахуал туралы кеңесте айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәлім етуінше, аймақта 196 мектеп бар. Оларда қазір 23 мың оқушы мектепке білім алуда. Өңірдегі білім ошақтарының санитарлық ахуалын зерделеген мониторинг тобы…
Толығырақ »









