241 қызметкердің жалақысын кешіктірген

«Атырау Жолдары» 241 қызметкердің 20 млн. 485 мың жалақысын кешіктіріп төлеген.
Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына Исатай аудандық прокуратурасынан «Атырау Жолдары» ЖШС-не қатысты заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс түскен.
«Атырау Жолдары» ЖШС-нің еңбек заңнамасының талаптарын сақтамай, 241 қызметкерге биылғы шілде және тамыз айлары үшін есептелген 20 485 000 теңге көлемінде еңбекақының төленбегені анықталған. Осыған байланысты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 87-бабына сәйкес «Атырау Жолдары» ЖШС әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.
Қазір «Атырау Жолдары» 241 қызметкердің шілде, тамыз айларындағы 20 485 000 теңге көлеміндегі еңбек ақысын толығымен төледі.