Өңірде тағы 10 адамнан инфекция анықталды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Бес науқаста індет симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан.
Бүгінге дейін өңірде осы дертпен барлығы 11 172 ауырды. Оның 10 856-сы емделіп шықса, 69-ы көз жұмды.