Жаңалықтар
Құқық бұзған шетелдіктерден 5,1 миллион теңге өндірілді
Облыс аумағында рейдтік іс-шаралар барысында қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін 2000-ға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 986 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184-і елден шығарылған. Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркелсе, 43 шетелдік тарапынан қылмыс жасалған. Оның көпшілігі…
Толығырақ »Таубаев әкімнен өзін қызметінен босатуды сұрап арыз жазған
Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босату туралы арыз жазғанын және өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін мәлімдеді. Оның адвокаты Игорь Вранчев өзінің Facebook парақшасында шенеуніктің үндеуін жариялады. Онда Нұрлан Таубаев 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына арыз жазып, өзін бірінші орынбасар қызметінен босатуды сұрағанын айтады. – Бірақ бұл…
Толығырақ »Көлік соғып қашып кеткен әйел ұсталды
25 қазан сағат 21:00 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының операторына қаладағы Сәтпаев көшесі №5 үй ауласында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері «Nissan X-Trail» автокөлік жүргізушісінің аулада тұрған «Opel Zafira» көлік құралын соққанын, салдарынан «Opel Zafira» автокөлігі соққы епкінімен ойын…
Толығырақ »Мешітте намаз оқуға рұқсат берілді
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ережелер бекітілді. 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр…
Толығырақ »15 келіден астам есірткі тәркіленді
1 маусым мен 31 қазан аралығында өтіп жатқан «Қарасора-2020» профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысында заңсыз айналымынан 15 келі 066 грамм есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде 12 келі 625 грамм марихуана, 0,93 грам гашиш, 2 келі 451 грамм канабис өсімдігі, 2,16 грамм экстралық…
Толығырақ »Аймаққа тәулігіне 500 адамды қамтитын жылжымалы ПТР зертхана келді
Атырау облыстық обаға қарсы күрес стансасына жылжымалы зертхана келді. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Онда тәулігіне 500 адам ПТР сынамасын тапсыра алады. Жылжымалы медициналық көлік Денсаулық сақтау министрлігі тапсырысы негізінде дайындалып, зертхана қажеттілігі бар өңірлерге берілуде. Атырау облысындағы обаға қарсы күрес стансасына жылжымалы зертхана автокөлігінің…
Толығырақ »Өңір басшысы Президенттің қабылдауында болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Президентке Атырау облысының 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ, Махамбет Досмұхамбетов Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы…
Толығырақ »Топтасып пәтер тонағандар ұсталды
Атырауда «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде бұзып кіру арқылы пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды. – Атырауда жедел-іздестіру шарасын өткізу кезінде екі адамнан құралған қылмыстық топ анықталды. Биылғы тамыз айынан бастап олар жеке үйлердің терезесін бұзып, 12 ұрлық жасаған. Заттай айғақтар – ұрланған заттар тәркіленді, – деп хабарлады полиция департаменті бастығының…
Толығырақ »«Қарулы Күштер – адалдық алаңы» кеңсесі ашылды
Атырауда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатыбалдиевтың мәлімдеуінше, мақсат – Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жобалық топтың құрамына департаменттің әскери есепке…
Толығырақ »Атырауға шетелден ПТР қорытындысы жоқ 37 жолаушы ұшып келген
Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 – 25 қазан аралығында шетелден Стамбул – Атырау, Ташкент – Атырау, Амстердам – Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді. Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілген. Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы –…
Толығырақ »









