15 келіден астам есірткі тәркіленді

1 маусым мен 31 қазан аралығында өтіп жатқан «Қарасора-2020» профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысында заңсыз айналымынан 15 келі 066 грамм есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде 12 келі 625 грамм марихуана, 0,93 грам гашиш, 2 келі 451 грамм канабис өсімдігі, 2,16 грамм экстралық анаша және 0,58 грамм синтетикалық есірткі болған.
ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша – 14 факт, 296-бап «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша – 40, 300-бап «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша – 7, 303-бап «Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» бойынша 1 дерек анықталды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Қарасора» іс-шарасы әлі жалғасуда.