Өңір басшысы Президенттің қабылдауында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Президентке Атырау облысының 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ, Махамбет Досмұхамбетов Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.