Таубаев әкімнен өзін қызметінен босатуды сұрап арыз жазған

Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босату туралы арыз жазғанын және өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін мәлімдеді.
Оның адвокаты Игорь Вранчев өзінің Facebook парақшасында шенеуніктің үндеуін жариялады. Онда Нұрлан Таубаев 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына арыз жазып, өзін бірінші орынбасар қызметінен босатуды сұрағанын айтады.
– Бірақ бұл шешім тергеліп жатқан іс бойынша менің қандай да бір айыптарды мойындауыма байланысты емес. Мен кінәлі емес екенімді дәлелдеуге мүдделімін. Себебі маған тағылған айыптардың біреуін де жасаған жоқпын, – дейді Таубаев.
Шенеунік жұмыстан кету туралы арыз жазудың себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, облыс әкімінің бірінші орынбасарына біраз міндет жүктелген. Соның ішінде мәжіліс мен мәслихаттардың сайлауын өткізу шаралары да бар. Тергеу кезінде ол бұл жауапты қызметті атқара алмайтындығын айтты. Және әкім мен әріптестерінің атына күдік көлеңкесі түспесін деп осындай шешім қабылдаған.