Жаңалықтар
Биыл отандық кәсіпорындар 52 411 көлік құрастырған
Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар 52 411 жеңіл және жүк көлігі, автобус пен арнайы техника құрастырған. Автоөнеркәсіп енді өнімдерін 100 мың техникаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Соңғы 10 айда еліміздің машина жасау саласындағы…
Толығырақ »Мұғалім гипоаллергенді сабын жасап шығаруда
Атырау облысында мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасаумен айналысып жүр. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Бүгінде Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарып отыр. Химиялық қоспасыз жасалған сабындар – экологиялық тұрғыда тазалығымен ерекшеленеді. ⠀ Гипоаллергенді өнімді күнделікті тұрмыста иіс…
Толығырақ »Атырау экологиясы ең нашар қалалардың ондығына кірді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда экологиясы ең нашар қалаларды атады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Министрдің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық мониторингке сәйкес 45 елдімекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. – Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған…
Толығырақ »Облыста ЭКО тәсілімен 177 сәби дүниеге келген
Атырау облысында соңғы екі жылда 177 сәби ЭКО тәсілімен дүниеге келді. Бұл туралы «Экомед Атырау» орталығының репродуктолог-дәрігері Гүлсара Басарова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте хабарлады. Оның мәлімдеуінше, өңірде 3 000 әйел мен ер адам бедеулік диагнозымен тіркелген. – ЭКО тәсілімен сәбилі болу үшін мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру…
Толығырақ »2 миллион теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Атырау–Доссор тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамаған «Toyota Camry» автокөлігі қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды. 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлімі «Полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату талабын орындамау», 590-бабының 5-бөлімінің 17.7-тармағы «Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік…
Толығырақ »Бірнеше қалаға қоқыс өңдейтін зауыт салынады
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Премьер-министр Асқар Мамин Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа жолданған Экология кодексі өндіріске қауіпсіз технологияларды енгізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген. – Әлемнің көптеген елі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша жоғары мақсаттарды алға қояды. Осыған орай ең озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңа Экология кодексі әзірленді, онда «ластаушы төлейді…
Толығырақ »Үш күнде жол ережесі 2 000-нан көп бұзылған
Атырауда 18–20 қараша аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы өтті. Мақсаты – жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу. Шара барысында облыс аумағында 2 195 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Оның ішінде көлік жылдамдығын асырған 876, қауіпсіздік белдігін тақпаған 266, көлік…
Толығырақ »Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды тапсырды. ⠀ COVID-19 ауруының таралуын болдырмау мақсатында құрылған мониторингтік топтың жұмысын талдау мақсатында өткізілген жиынға құзыретті мекеме басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты. ⠀ – Қазір әлемде болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар, кейбір елдердегі ахуал күрделі. Тіпті бірқатар облыстағы…
Толығырақ »«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қатары толықты
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Күзгі шақырылым барысында келген жас сарбаздармен алғашқы әскери дайындықты бастады. Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады. Биыл еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық бозбала әскер қатарына шақырылды. Жас толысымның әскери бөлімдерге келген кезде оларға барлық жағдайлар жасалды, тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан алдын ала оқу…
Толығырақ »Желтоқсанда қазақстандықтар 11 күн демалады
Sputnik.kz-тің хабарлауынша, биыл желтоқсан айында қазақстандықтар екі мереке атап өтеді. Олар Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні. Алғашқы демалыс сейсенбі, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні болады. Бұдан соң тұрғындар 5, 6, 12, 13 желтоқсан, яғни сенбі–жексенбі күндері демалады. 16 – 19 желтоқсан аралығында да демалыс. Сәрсенбі, 16 желтоқсан –…
Толығырақ »









