Жаңалықтар
Көлік нөмірі енді Атыраудың өзінен шығады
Атырауда көлік құралдарына арналған мемлекеттік тіркеу нөмірін шығаратын құрылғы іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының қоғаммен байланыс менеджері Бекжан Ахметовтың айтуынша, нөмірлерді шығаруды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қолға алған. Енді көлік иелері нөмірді санаулы күндерде алады. – Биылғы 11…
Толығырақ »Мал ұрлағандар ұсталды
Атырау облыстық полиция департамент бастығы, полковник Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауымен өңірде мал ұрлығының алдын-алу және ашу бағытындағы шаралар күшейді. Жедел іздестіру шаралары барысында ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды. Олардың бірнеше жылқымен қатар, сиыр мен түйе малдарын да қолды…
Толығырақ »Құқықты қайта бұзғандарға талап қойылды
Полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған 3000-ға ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 242 адам осы құқықбұзушылықты қайталап жасаған. Оларға ӘҚБтК-нің 440-бабында көзделген…
Толығырақ »Қазақстанда әскери роботтар жұмыс істейді
Қазақстанның Қарулы Күштерінде Әскери роботтар кеңінен қолданылып жүр. 2015 жылдан бастап ҚР Қарулы Күштерін жарақтандыруға жерүсті, теңіз және әуе мақсатындағы робототехникалық құралдар алынуда. 2019 жылы Бас штабта робототехникалық жүйелерді дамыту және оларды қолдану басқармасы құрылған. Басқарма мамандары жаңа технологияларды енгізу және қолдану бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Олар оқу орындарымен және…
Толығырақ »Covid-19: 40 адам жұқтырып, 21 адам жазылды
Атырау облысында өткен тәулікте 40 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелсе, 24 жұмысшы – Теңіз кенішінен, Жылыойдан – 1, Құрманғазыдан –5 және Қызылқоға ауданынан 2 адам тіркелді. Олардың 7-інде ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ, кеше облыста 21 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.…
Толығырақ »Жылыойда жаңа кітапхана ашылды
Кеше ауданда жаңа орталық кітапхана ғимараты ашылды. Нысан екі қабаттан тұрады. Құрылыстың іргетасы өткен 2018 жылдың маусым айында қаланған. Бүгінгі күннің талабына сай жасақталған ғимаратта заманауи технологиямен жабдықталған интернет және оқу залы, сондай-ақ, абонемент пен акт залы қызмет көрсетеді. Кітапхана әр жыл сайын жаңа оқулықтармен толықтырылып отырады. Онда 204 438…
Толығырақ »Әскерден онлайн босатылуға болады
Әскери қызметтен босату үшін онлайн өтініш беруге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметіне сенсек, Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, оларға бұл қызметтерді онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар. –…
Толығырақ »Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Атырауда жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 жастағы жүргізуші көлігімен жолдың қарсы жолағына шығып, «Opel Astra» маркалы көлікпен соғысқан. Бұл туралы бүлінген көліктің жүргізушісі 102 операторына хабарлап, шағым түсірген. – Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының кешкі сағат 20:15 шамасында қаладағы Берғалиев көшесінде болғанын…
Толығырақ »Пробация есебіндегі сотталушылар жеке кәсіппен айналысуда
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есебіндегі 5 сотталушы «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасының курсын аяқтап, жеке кәсібімен айналысуда. Мәселен ұрлық, тонау және алаяқтық бабымен сотталған 3 жас жігіт бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 555 мың теңгенің грантын ұтып алған. Олар бұл қаржыны жеке кәсібін ашуға жұмсамақ. –…
Толығырақ »Атырау – азық-түлік ең қымбат аймақтардың қатарында
Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау және Павлодар облыстарында азық-түліктің ең қымбат бағасы тіркелді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеген. – Жыл басынан бері бағаның ең жоғары өсімі Нұр-Сұлтан қаласында – 15,6%, Павлодар облысында – 15,4% және Атырау облысында 12,9% тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19…
Толығырақ »









