Жылыойда жаңа кітапхана ашылды

Кеше ауданда жаңа орталық кітапхана ғимараты ашылды. Нысан екі қабаттан тұрады.
Құрылыстың іргетасы өткен 2018 жылдың маусым айында қаланған. Бүгінгі күннің талабына сай жасақталған ғимаратта заманауи технологиямен жабдықталған интернет және оқу залы, сондай-ақ, абонемент пен акт залы қызмет көрсетеді. Кітапхана әр жыл сайын жаңа оқулықтармен толықтырылып отырады. Онда 204 438 кітап қоры сақталған.

Аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров салтанатты рәсімнің ашылуымен құттықтады және жаңа ғимараттың тұсаукесер лентасын мәдениет саласының ардагері, белгілі журналист Нұрдәулет Ақназаровпен бірге  қиды. Ал нысанның символикалық кілтін кітапхана директоры Кенжебекова Балзияға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрберген Құсайынов табыстады.