Covid-19: 40 адам жұқтырып, 21 адам жазылды

Атырау облысында өткен тәулікте 40 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелсе, 24 жұмысшы – Теңіз кенішінен, Жылыойдан – 1, Құрманғазыдан –5 және Қызылқоға ауданынан 2 адам тіркелді.
Олардың 7-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше облыста 21 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 133 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда – 48, ал аудандағы инфекциялық стационарда – 5 және Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 224  адам ем қабылдауда.