Мал ұрлағандар ұсталды

Атырау облыстық полиция департамент бастығы, полковник Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауымен өңірде мал ұрлығының алдын-алу және ашу бағытындағы шаралар күшейді.
Жедел іздестіру шаралары барысында ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды.
Олардың бірнеше жылқымен қатар, сиыр мен түйе малдарын да қолды еткендері анықталған. Топ құрамындағы Махамбет және Құрманғазы ауданының 38 бен 52 жастағы екі тұрғыны уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Биылғы 11 қаңтардан бастап мал ұрлығы қылмыстың ауыр санатына ауыстырылды. Сондай-ақ, осы заңда көзделгендей, мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар өзара ымыраға келе алмайды, оған тыйым салынған.